«Жарқын болашақ» олимпиадасы өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_6_6-2020_4.jpgАталмыш сайыстың басты мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету болып табылады.


Олимпиада жалпы білім беретін оқу орындары арасында ұйымдастырылды. Аудандық олимпиадада 7-11 сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5 бағыт бойынша білімін сарапқа салды. Олимпиаданың негізгі концепциясында көрсетілгендей, қазақ тілінің бес бағытта дамытылуын көздейді. Атап айтатын болсақ, «Жас қаламгер», «Әнші-бұлбұлдар», «Білгірлер бәйгесі», «Сөз шебері», «Бейнелеушілер» номинациялары бойынша сайысқа түсті. Дәлірек айтқанда, “Білгірлер бәйгесі” бағыты бойынша қазақ тілі теориясын терең меңгерген оқушылар мектеп бағдарламасы бойынша тест сұрақтары, сондай-ақ, сұрақ-жауаптар негізінде емтихан тапсырады. Ал, «Сөз шебері» конкурсында қазақ тілінен мәнерлеп оқудан бақ сынайды. Мұндағы мақсат — оқушыны ауызекі сөйлеуге үйрету. “Әнші-бұлбұлдар” конкурсында қазақ халық әндері мен өзге де ұлттық әндерді кеңінен насихаттау және талантты жастарды анықтау басты міндет. “Бейнелеушілер” белгілі бір шығарманы суреттеп көрсету болып табылады. “Жас қаламгер” конкурсында үміткерлер туған жерлерінің табиғаты мен атақты жерлестері жайлы шығармаларын бәйгеге қосады.
Осылайша республикалық олимпиаданың аудандық деңгейде өткізілген олимпиадада жастарымыз нағыз тіл жанашырлары екендігін көрсетіп, келесі жүлделі орындарға ие болды. «Жас қаламгер» номинациясы бойынша Ақниет Адилова мен Диана Оттингер 1-орынға ие болса, «Әнші-бұлбұлдар» номинациясында Альбина Адилханова мен Дарья Стоногина, ал, «Білгірлер бәйгесі» номинациясында Назерке Бауыржан,Гулая Тахмазова 1-орынды иемденіп, «Сөз шебері» номинациясы бойынша Мадина Досмухамбетова мен Ақбота Берік жеңіске жетті. Сонымен қатар, «Бейнелеушілер» номинациясында Ұлпан Төребаева мен Анна Савицкая 1-ші орынды қанжығаларына байлады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане