«Қобыланды батыр» жырын жатқа оқудан жарыс өтті

2020 1 3«Қобыланды батыр» жырын жаттап, өзіңнің, мұғалім мен мектебіңнің атын шығаруға оқушыларымыз барын салды.


Қобыланды батыр жырының 29 нұсқасынан ғалымдар Марабай жыраудың нұсқасын таңдаған. Бұл жарыста тек қана жырды жатқа оқып қана қоймай, оқушыларымызға жырдың ішінен көнерген сөздерді таңдап, қойылған әрбір сөзге қысқа әрі нақты айтып беру болды. Әрі қарай оқушыларымыз қазақ тілі пәні бойынша қойылған сұрақтарға, ережелерге жауап берулері керек еді.
- Жырдағы әр көнерген сөздің мағынасын түсініп, жер-су аттарын жадыңызға сақтамасаңыз, мәнерлеп айтып бергеніңізден үздік атануыңыз екіталай. Талап солай өйткені. Ең бастысы, оқушыларға көптеген батырлар жыры арқылы рухани әрі патриоттық тәрбие беру, – дейді білім беру бөлімінің әдіскері Ырсалды Жармухамбетова. Күрделі әрі тәрбиелік мәні зор бұл жарыста топ жарып шыққандарды атап өтпеске болмас. Жүлделі 1-ші орынды Новоильинов орта мектебінің оқушысы Еркенұр Әсет, 2-ші орын С.Ерғалиев атындағы орта мектеп оқушысы Ақниет Адилова, ал, 3-ші орынды Новоильинов орта мектебінің оқушысы Айсұлтан Машаев қанжығасына байлады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане