Аудандық Бейімбет Майлин оқулары

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_51_51-2019_16.jpgӨткен аптада аудандық деңгейде жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында Бейімбет Майлин оқулары өтті.
Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, мектеп оқушылары арасында Бейімбет Майлин шығармаларын насихаттау мақсатында «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ және «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ ұйымдастыруымен 2019 жылғы желтоқсанның 11-і күні Б.Майлин орта мектебінде аудандық «Б.Майлин оқуларының» байқауы өткізілді. Байқауға аудан, ауыл мектептерінен барлығы 26 оқушы қатысты, соның ішінде 6 оқушы жеңімпаз атанды.


Аудандық жарыс 2 кезеңнен болды, «Сөз құдіреті», «Би-аға және туған жер». «Сөз құдіреті» номинациясы бойынша жүлделі 1-ші орынды С.Ерғалиев атындағы орта мектеп оқушысы Ақбота Берік жеңіп алса, ал «Би-аға және туған жер» номинациясы бойынша 1-ші орынды Набережный орта мектебінің оқушысы Гаухар Абуова қанжығасына байлады. «Сөз құдіреті» атты кезеңде олар жатқа Би-ағаның прозалық шығармаларынан үзінді оқуы тиіс еді. Қазылар алқасы шешім шығару барысында мәтінді көркем оқу шеберлігі және таңдау талғамы, сахналық образ және сол образды жеткізе білуі талаптарын басшылыққа ала отырып, әр номинацияда үш жүлделік орынды анықтады. «Би-аға және туған жер» номинациясында қатысушы оқушылар презентация дайындап, оны қорғап шығулары керек. Есімдері аталған жеңімпаздар мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал, қалған қатысушыларға сертификат табысталды. Сонымен қатар, жүлдегерлерді дайындаған педагогтар аудандық тілдерді оқыту орталығының Алғыс хатымен марапатталды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане