- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 28.11.2019 06:25
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 1019
22-ші қараша күні аудандық Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйі қабырғасында аудандық «Көңілді тапқырлар ойыны» өтті.
Бұл жарыста финалға дейін жеткен ең үздік деген 4 команда ойын көрсетті. Атап өтетін болсақ, «ДДТ» №1 Тобыл орта мектебі командасы, «Жайдарман» Тобыл орта мектебінің командасы, «Переулок Майлина» Б.Майлин атындағы орта мектебінің командасы және де «Мен сүйетін» Набережный ауылдық округінің командасы өз әзілдерімен көрермендерді қуантты.
«Көңілді тапқырлар ойыны» «Сәлемдесу», «Бейнебаян», «Үй тапсырмасы» сынды 3 кезеңнен тұрды. Ойын көңілді, жанды, қызықты және кәсіби өтті, ал, ойыншылардың бірі бүгін алғаш рет сахнаға шықты. Біздің жастарды бей-жай қалдырмайтын әзілдердің өткірлігін әділқазы алқалары да атап өтті.
Бүгінгі әдемі ойынның ұйымдастырушылары «Аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ өтініші бойынша «Үміт-2050» қоғамдық қоры болды.
Ойынды қорытындылай келе, «Переулок Майлина» 1-ші орын, «Мен сүйетін команда» 2-ші орын, «ДДТ» 3-ші орын және «Жайдарман» командасы 4-ші орынды иемденді.
Бұл ойын қайырымдылық акциясы болды. Барлық түскен қаражат Орынбор ауылының тұрғыны Баходир Усманжолұлына емделуге берілді.