Ысырапшылдықтың алдын алуға арналған конференция

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_48_482024_1_3.jpg

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай қажы Құрбанұлы Қостанай облысына арнайы сапармен келіп, дін қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, жалпы жұртшылықпен өткізілген конференцияға қатысты.
Бұл аталмыш жиын Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде діни рәсімдерде ысырапшылдыққа жол бермеу және оның алдын-алу мәселесі бойынша ұйымдастырылды.Онда наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы сөз алып, «Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тұңғыш рет елімізде Діни басқарма құрылып, қаншама имандылық ордалары бой көтеріп, қазіргідей деңгейге жеттік. Халықтың оған деген құрметі артты. Бүгін де қалың жұртшылықтың қамын ойлап өзекті мәселені жиынға арқау етіп отырмыз» деді. Өзінің «Ысырапшылдықтың бұл дүниедегі және ақыреттегі қоғамға зияны» тақырыбындағы жасаған баяндамасын барлық қатысушылар ұйып тыңдады.Конференцияда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Ахметов, облыстық дін істері басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, Қазақстан Жазушылар Одағының Қостанай облысындағы өкілі Жанұзақ Аязбеков, Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінің алқа мүшесі, ауданның құрметті азаматы Кенесары Мырзахметов, облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің жанындағы ақылдастар алқасының мүшесі, Қостанай ауданының құрметі азаматы Әбдікәрім Баекеновтер көтерілген мәселе бойынша өз ойларын ортаға салды.Сондай-ақ есімі көпке таныс абыз ақсақалдар Торғайбай Уәлиев, Жандарбек Сейітов, мемлекет және қоғам қайраткері Тоқтарбай Қадамбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадық және басқалар сөз сөйлеп, бұл басқосудың аса маңыздылығына тоқталды.Жиын соңында қатысушыларға Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы қабылданған шешімді конференцияға қатысушылар назарына ұсынды. Шешімде: Қонақ асын тоқтату (жаназадан бір күн бұрынғы берілетін кешкі ас); ас мәзірін бірізділікке салу (бауырсақ, нан, қант, кәмпит-печенье, су, шәй, ыстық тамақ); ҚМДБ-ның «Қамқор - шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының бекіткен нормалары бойынша зират көтеру; жылдық астарында көрсетілетін бейне - роликтерде (қойылатын әуенге (музыка) назар аудару, алкогольді ішімдігі бар бейне және фото көріністерінің, әуреті ашық киімдердің болмауы); жаназа астарын жиналысқа айналдырмау. Онда үш адамнан артық кісіге сөз бермеу секілді өзекті мәселелер қамтылды.Конференциядан кейін қабылданған шешімге сейкес үлгі ретінде жиналған қауымға облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің асханасында дастархан жайылды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане