- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 21.11.2024 12:55
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 225
Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде «Дін және діни экстремизм» атты іс-шара өтті. Іс шарада Тобыл кентіндегі «Ажар» мешіті имамы Назаров Расул Айбекұлы жоғары сынып оқушыларына Халықаралық мәселеге айналып отырған діни экстремизм, терроризм жайлы сөз қозғалып, түсіндіріп өтті. Қауіпті жағдайға айналған әрекеттерді жаман әдеттерге оқушылардың елігіп кетуіне қарсы тұруды үйрету маңызды.
- Экстремизм терминін қазақ тіліндегі мағынасын түсіндіріп кететін болсақ: Экстремизм латынның extremus – деген сөзінен шыққан. Ол «ең соңғы, ақырғы, төтенше» деген мағынаны білдіреді. Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. Террорлық әрекеттің басты мақсаты қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу, елдің тыныштығын бұзу, өзіне көпшіліктің назарын аудару арқылы өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту болып табылады. Экстремизм бұл ілім немесе ғылым емес. Ал өмірде радикалды саяси ілімдер, саяси ұғымдар, түсініктер жиі кездеседі. Олар бірте-бірте кең етек алып, күш жинап, нақты практикалық әрекетке ұласады, яғни террорға, ұйымдасқан бандитизмге, қарақшылық қылмыс жасауға барады. Осы бір келеңсіз жағдайлардың кесірінен қаншама бейкүнә жандар қаза табады. Адамның омірі адам үшін ең қымбатты қазына болып саналады, осы қымбат қазынадан айыруға ешкімнің құқығы жоқ! Қазіргі кезеңде әлемде кең етек алып отырған бұл індетті материалдық қана емес, рухани мешеуліктің, адамдар бойындағы гуманистік сезімдердің тұрпайылануының салдары деп ұғынған жөн. Сондықтан да бұл ғасыр қасіретімен күресте осыны басты назарда ұстауымыз керек.-деп түсіндіріп өтті имам Расул Айбекұлы.
Экстремизм мен терроризммен күрес күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Бір ғана адам немесе топ қана айналысатын дүние емес, қоғам болып ат салысатын күрделі мәселе. Экстремизмге қарсы тұратын руханият деп айтсақ артық болмас. Өскелең жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашып, дәстүрлі дінімізбен сусындатып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңдіре алып қана түбегейлі діни экстремизмнің де, терроризмнің де тамырына балта шаба аламыз.