Әжемнің сөзі - тәрбиенің көзі

Screenshot_10.jpg

 

 

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_44_442024-9.jpg

 

Ата – өмірдің қуанышы мен тірегі, әже – оның жұбанышы мен жүрегі. Иә, қазақ халқы әрқашанда әжелерімізді құрметтеген.
Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеп, әже тәрбиесін үлгі етіп, әжелердің айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалана отырып, баланы кішіпейілдікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету іс – шараның негізгі мақсат болып табылады. Әже тәрбиесін көрген азаматтарды анадайдан танисың. Оның ең басты ерекшелігі сол, ондай жан барынша бауырмал болады. Өйткені, әжесі ондай баланы көбінесе, құшағына алып, қашан көзі ілінгенше айналып-толғанып, бойындағы бар жылуын беріп, бауырына басып жататын. Осындай тәрбие көрген соң жас бөбек мейірімді болып өседі және қолындағын жанындағылармен бөлісуге құштар болып келеді. Әже тәрбиесін көргендер дәл осы – бауырмал мінезінен танимыз. Қандай қызметте, қандай лауазымды атқарып жүрсе де, мұндай адамдардың бойынан айрықша жылылық байқалып-ақ тұрады.
24 қазан күні Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде Республика күніне арналған «Әжемнің сөзі-тәрбиенің көзі» атты ұлттық салт -дәстүрді дәріптейтін Тобыл кенті әжелерінің қатысуымен іс шара өтті. Әжелер дастархан басында салт-дәстүрлер ұлықталып, тағылымды әңгімелер айтылып, Республика күні мерекесімен құттықтап, әндер шырқады. Отырыс керемет көңіл күйде өтті. Қатысушылар «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мен «Үміт-2050» қоғамдық қорының мадақтамасымен және сыйлықтарымен марапатталды. Әжелер ұйымдастырушыларға, «Думан» Мәдениет үйі қызметкерлеріне және демеушілерге алғыстарын білдірді.
Еліміздің гүлденуі мен игілігі мақсатында белсенді еңбек еткен әжелердің бас қосу отырыстары пікір алмасуға, бос уақытты түрлендіруге, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді, сонымен қатар өмір сапасы мен ұзақтығына пайдасын тигізеді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане