- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 24.10.2024 10:12
-
Автор: Super User
-
Просмотров: 142
Габдугалиева Адина -
№2 Тобыл жалпы
білім беретін мектебінің
5-сынып оқушысы
Менің аты-жөнім Габдугалиева Адина. Мен Қазақстан Республикасында тұрамын. Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстан бұл менің Отаным, менің мақтанышым. Қазақстанның астанасы -Астана қаласы. Астана қаласы жас қала болса да, өте көрікті әрі үлкен қала. Менің Отаным жүрегімнің ең терең түкпірінде. Болашағы жарқын, тарихы терең, мәдениеті бай ел – менің Қазақстаным. Қазіргі таңда мен 5 сыныпта оқимын. Алдымда тұрған ең үлкен мақсат – оқуымды жақсы бағаға оқу, болашақта жақсы маман иесі атанып, ата-анамның үмітін ақтау. Елім үшін мен де өз үлесімді қосқым келеді. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.Мен патриотпын! Себебі мен өзімнің мен өз отанымды отбасымды сүйемін! Мен Қазақстан елінің Туын, Гимн, Елтаңбаны құрметтеймін.
Патриотизм - тек сөздермен емес, істермен, жүректен шығатын сезіммен өлшенеді. Мен өзімді патриот санаймын. Кез келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ана, әке тәрбиесі екінші ол - ұстаздардың тәлімі. Жалпы патриотизм - ол Отанды қорғау, оның мүддесін жоғары қою. Мен патриотпын, себебі мен елімді, халқыма деген сүйіспеншілікті жүрегімде сақтаймын. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс.
Біздің еліміз ең бай ел. Табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар бар. Қазақстан – шексіз дала, алтынды таулар мен кең байтақ жері бар ел. Бұл менің Отаным, менің мақтанышым. Қазақстанның терең тарихы, мәдениеті және табиғи әсемдігі мені әрдайым қызықтырады. Қазақстанның мәдениеті өте бай. Қазақ халқының дәстүрлері, ән-күйлері, халық ауыз әдебиеті – бұл біздің ұлттық құндылықтарымыз. Біз ұмытпайтын дәстүрлеріміз бен мерекелеріміз бар, Мен елімнің болашағына сенемін. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін үлкен жетістіктерге жетті. Экономикамыз дамып, халықаралық деңгейде мойындалып жатыр. Біздің Президентіміз елімізді жаңа деңгейге көтеру үшін көп жұмыстар атқаруда. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Әр түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысуы біздің қоғамымызды байытады. Біз бір-бірімізді құрметтеп, бірге өмір сүріп, ортақ мақсаттарға жетуге тырысамыз.
Республика күні – бұл біздің елдігімізді, тәуелсіздігімізді тойлайтын ерекше күн. Бұл күні біз еліміздің тарихын, мәдениетін және ертеңгі күнін еске аламыз. Мен Отанымды мақтан тұтамын және елімнің өркендеуі үшін өз үлесімді қосуға дайынмын. Сонымен бірге, барша Қазақстан елінің тұрғындарын Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге деңсаулық, толағай табыстар тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!