«Екі жұлдыз» өнер жарысы байқауы

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_48_482022-222.jpg

«Үндестік» облыстық жобасы ата-аналар мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған тиімді нысандардың бірі болып табылады.
Жобаның мақсаты: ​Отбасы мен мектептің әлеуметтік серіктестік қағидаттары мен шарттары бойынша жүйелі, кешенді, Үйлестірілген әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық ұзақ мерзімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, ең жоғары құндылықтар адам өмірінің негізі болып табылатын бірыңғай оқу-тәрбие алаңын, бірыңғай әлеуметтік саланы құруға бағытталған. Былтырғы қараша айының 17-сінен білім беру ұйымындарында педагогтер мен ата-аналардың өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған «Үндестік» облыстық жобасы өз жұмысын бастағаны белгілі.
Аз уақыт өтсе де, өзара іс-қимыл нысандарын жетілдіру, ынтымақтастық қырларды айқындау, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды нығайту, ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен терең таныстыру барысында бірнеше жұмыстар іске асырылды. Екі одақ бірлесіп, ынтымақтасқанда ғана күрмеуі қиын талай мәселелердің түйіні шешілетінін де осы жоба нақтылап көрсеткендей. Тиімді жоба әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық ұзақ мерзімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған. «Үндестік» жобасы аясында «Өнер- өжет» эстетикалық пән бірлестігінің жоспарына сәйкес №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінде «Екі жұлдыз» ән, би байқауы болып өтті. Бұл байқаудың мақсаты мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсу және шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсу болып табылады. Байқауға сынып жетекшілері, ата-аналар, оқушылар қатысты. Мектеп басшысы Г. Алиева сәттілік тілеп, «Үндестік» жобасы аясында өткізіліп жатқан іс шараларға ата- аналардың белсенділік танытып, атсалысып жатқандығына ризашылығын білдіріп өтті.
«Екі жұлдыз» байқауының қорытындысы бойынша бастауыш сыныптар аралығында 1 орын- 4 сынып, 2 орын – 3 сынып, 3 орын – 2 сыныпқа, ал 5-9 сыныптар аралығында 1 орын- 7 сынып, 2 орын- 5 сынып, 3 орын 9 сынып иеленді. Барлық жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Байқау өте қызықты өтті. Байқауға қатысқан ұстаздарға, оқушыларға және ата аналарға мектеп ұжымы атынан алғыс айтты
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің және ата-анаың басты міндеттерінің бірі.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане