- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 24.06.2022 06:42
-
Автор: Super User
-
Просмотров: 419
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес "Áıet shamshyraǵy" газетінің редакциясы Қазақстан Республикасы Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округінің әкіміне тіркелген кандидаттарға алаң беру шарттары, мөлшері және тәртібі туралы хабарлайды.
Баспа алаңы барлық тіркелген кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт материалдарының тең шарттарымен беріледі. Кандидаттардың материалдарын жариялау кезектілігі баспа алаңының күні мен көлемі және шарт жасасу көрсетіле отырып, редакцияға жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен белгіленеді. Газет алаңының 1 ш.см. үшін 134 теңге есебінен баспа алаңын беру құнын төлеу жүргізілсін.
Барлық сайлау алдындағы баспа үгіт материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері, тапсырыс берген тұлға туралы ақпарат болуға тиіс.
Кандидаттар баспа материалдарының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Осы хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған, сондай - ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда материалдарды жариялау жүргізілмейді-бұзушылықтарды жою үшін тоқтатыла тұрады.
Басқа кандидаттардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда Редакция баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Мазмұны "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келмейтін үгіт материалдарының мәтіндері жарияланбайды
Газет редакциясы өтініштерді, мәтіндерді қабылдайды және демалыс күндерінен басқа жұмыс уақытында: Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, көш. им. Б. Майлин, 23 үй, тел. 8(71436)49091, 8(71436)36049,
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
.