«Қауіпсіз аула» – халық тыныштығының кепілі

Тобыл кентінде «Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында біршама жұмыстар іске асырылып жатыр.
Тобыл кентінің әкімі Аманжол Есмагамбетов аталмыш бағ­дар­ламаның маңызын айта келіп, осындай игі істер арқылы келешек­те көптеген тосын оқиғалар мен қылмыстарды

ң алдын алуға, кенттегі көпқабатты үй­лер­­дің тазалығы мен жай-күйін жақ­­сартуға ықпал ететіндігін жеткізді.
Аталмыш бағдарлама аясында Тобыл кентінде 1 млн 996 мыңды құрайтын 6 бейнебақылау камерасы орнатылды.
Қоғамдық тыныштықтың сақталуы – кезекшілік атқаратын полицейлер мен әскери қызметшілердің қадағалауында. Олардың басты міндеті – қылмыстар мен құқықбұзушылықтарға жол бермеу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Дегенмен де, кенттегі тыныштықты, сонымен қатар,қылмыстың азаюуына барлығымыз бір кісідей атсалысуымыз керек.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане