Еркін елдің жастары

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_36_36-2021-5.jpgҮлкен спорттағы үлкен жеңістердің баспалдағы бүгіннен басталады. Болашақ олимпиада мен әлем чемпиондары да қазір сіз бен біздің арамызда жүр.


Бокс - арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Ал, спорттың бұл түрімен ауданымыздың бүлдіршіндері айналыса бастағаны көңіл қуантады. Жақында өткен бокстан матчтық кездесуге ауданымыздың 4 бүлдіршіні бақ сынасып келді. Атап айтсақ, Руслан Байзаков, Сұлтан Кинжин, Шукенов Сүгірәли, Даниил Гордейчук қатысты. Аталмыш матчтық кездесуде Руслан Байзаков пен Сұлтан Кинжин чемпион атанды. Аталмыш жарыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. Ал, жүлдемен оралған жас чемпиондар өз ойларымен былай деп бөлісті:
- Боксқа ата-анамыздың қолдауымен келдік. Спорттың бұл түрінде танымал тұлғаларды үлгі тұттық дей аламыз. Дегенмен, өз жолымыз бен мақсатымыз бар. Әрбір өткізіліп жатқан жарыстарға ерекше жауапкершілікпен дайындаламыз. Жасөспірімдер бәсекесі де біз үшін маңызды. Біз секілді жас спортшыларды бөліп жармаймыз. Өйткені, біздің құрдастарымыздың арасында да үлкен қарқынмен алға басып келе жатқандар бар. Бұл біздің ғана емес, бапкеріміздің де жеңісі. Себебі, бапкерлеріміздің ақылын тыңдап, алға қарай ұмтылып, жеңіске жеттік. Алдағы уақытта ел намысын абыроймен қорғағымыз келеді. Және ұмтылатын боламыз,- дейді спортшы жігіттер.
Өскелең ұрпақтың жетістігімен ел мақтанса, жастар білгені абзал. Олардың әрбір еңбекпен жеткен жеңісі әрбір жас үшін жігер беретін күш.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане