«Жанымда жүр жақсы адам»

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_24_24-2021_2.jpgҚасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жоба­сының аясында еріктілер акция мен қайырымдылық іс-шара ұйымдастыруда.


Күн сайын бүкіл ел бойынша белсенді азаматтар мұқтаж адамдарға көмектесіп, айналасындағыларға жағымды эмоциялар сыйлауда. Солардың бірі - Саттар Мамедов. Ауданымыздағы тұрғындарға танымал жан, бүгінде өзінің жақсылығын басқа жандарға жасауда. Өткен аптаның соңын жақсы іспен аяқтаған Саттар Мамедов ауданымыздың 5 отбасына өз көмегін көрсетті. Атап айтсақ, азық-түлік пакеттері мен ұн берді.
- Мен үшін адамдардың алғысынан артық ештеңе жоқ. Мен барлық көмегімді өзімді көрсетіп не болмаса менің атым ақпараттық құралдар бетінде көрінсін деген ниетпен жасап жатқан жоқпын. Мен үшін балалардан асқан байлық жоқ. Сол себепті, мен өз көмегімді көрсетуден жалықпаймын. Қолымнан келген көмекті көрсетуге дайынмын. Мұсылман бауырлар «жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған»,- дейді Саттар Мамедов.
Еске сала кетейік, «Қа­йы­­рымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы осы жылдың ақпан айын­да Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­та­масымен Қазақ­стан Тәуел­сіздігінің 30 жыл­дығын мерекелеу аясында басталған болатын.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане