Кенттегі еңбекқор дәрігерлер

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_24_24-2021_10.jpgБүгінгі күннің батырлары – дәрігерлер екені даусыз. Төтенше жағдай кезінде табанынан тік тұрып, қызметке кіріскен ақ халаттылар әлі де тыным тапқан жоқ. Пандемиямен күресте науқастармен тығыз байланыста.
Бүгінгі санымызда Тобыл дәрігерлік амбулаториясының жалпы практика дәрігері Әсел Бурбаевамен әңгімелескен болатынбыз.


- Медицина десе алдарыңызға не елестейді? Шприц, ақ халат, аурухана, медициналық эмблема, науқастар…Ал бұлар тек сырт көзбен қарағанда байқалатындар, ал оны жетік оқып, меңгерген адамға «медицина» сөзі ең асыл, қымбат, шексіз мағыналы сөз дер едім! Қазіргі таңда Тобыл дәрігерлік амбулаториясында 4 жалпы тәжірбие дәрігерлері жұмыс атқарып жатыр. Бұл кісілердің атқарып жатқан еңбегі өте зор деп айта аламын. Нақты тоқталып кететін болсам, Мөлдір Аяновна Дайырбекова, Ғани Жұмабайұлы Абдреймов жалпы тәжірибе дәрігерлері, ал, Жаилган Баяндинович Дусикенов күндізгі стационар дәрігері, терапевт. Әлемді жайлаған жұқпалы дертпен күресуде ақ желеңді абзал жандардың еңбегі зор деп айтып жатады. Расыменде, әріптестерімнің атқарып жатқан еңібегі орасан зор. Ол кісілердің тәжірбиелерінің, біліктіліктерінің арқасында, қазіргі таңда кентімізде денсаулық жағынан мәселе жоқ деп айта аламын. Жалпы жұмысымыздың маңыздылығы пациенттерді амбулаторияға қабылдау, активтерге қызмет көрсету және дәрігерді үйге шақыру, шұғыл көмек, емдеу-диагностикалық және оңалту іс-шараларының кешені, науқастарды диспансерлеу, иммунопрофилактика кіреді. Яғни, жоғары да айтқан жұмыстардың маңыздылығы біз үшін басым. Ал, қазіргі уақытта біз халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялауға көп уақыт бөлеміз. Ал, жеке өзім туралы айтатын болсам, 2020 жылы Қарағанды Мемлекеттік Медициналық университетін тәмамдап, Тобыл кентіне жұмысқа орналастым. Мен бала кезімнен медбике болуды армандағанмын. Адамдарды құтқарып, оларға көмек көрсеткім келетін. Менің әжем болашақ мамандықты таңдауға үлкен әсер етті, ол көптеген жылдар бойы дәріханада жұмыс істеді, ал бос уақытымды мен сол жерде өткіздім. Бұл мамандық үлкен жауапкершілікті талап етеді, өйткені ол адамның ең құнды нәрсесімен — оның денсаулығымен байланысты. Біздің жұмысымыздың және кәсіптігіміздің маңыздылығы - пациенттердің денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілік. Сондықтан «медицина» ғылым саласын таңдамастан бұрын оны да ескере кеткен абзал! Дәрігерлерге қойылатын жауапкершілік өте көп! Мен айтар едім, жақсы дәрігер болу үшін, ең алдымен, жауапкершілік болуы керек.,- дейді Асель Бауыржанқызы.
Адам өмірін қорғауда өз басын қатерге тігіп жүрген жандарға қандай құрмет көрсетілсе де артық етілмейді. Төгілген тер, танытқан төзімдеріңізге алғыс айтамыз. Алдағы уақытта да көптің ризашылығына бөленіп, ел өмірінің жақсаруына өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспіз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане