Кент тұрғыны жаңа куәлік алды

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_18_18-2021_11.jpgАуданының ПБ көші-қон қызметі тобы Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын ресімдеу үшін мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау жөніндегі кең ауқымды акцияны жалғастыруда.


Көші-қон қызметі қызметкерлерінің аудандық пробация қызметінің қызметкерлерімен бірлескен жұмысы барысында азаматты құжаттандыру бойынша жұмыс жүргізілді. Көптен күткен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алғаш рет алған 1964 жылы туылған И. Н. Павлова құжатына ие болды.
- Бұл адамдар түрлі жағдайға байланысты ескі құжатпен жүріп қалған. Бірінің түрлі себептері болса, тағы бірі құқықтық сауатсыздығынан елемеген. Оған қоса мұндай құжаттарды қайта тексеру жұмыстарының ұзақ уақытқа созылатыны да әсер еткен. Егер совет кезіндегі қызыл паспортпен жүргендер болса көші-қон қызметіне жүгіну керек. Сол жерде арызын жазып қалдырады,- дейді көші-қон тобының аға инспекторы, полиция майоры Дәулет Кеншинбаев.
Азаматша И. Н.Павлова ҚР азаматтығын растау және Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алу үшін құжаттарды жинауда көрсеткен көмегі үшін көші-қон қызметі мен пробация қызметінің қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане