«Латын әліпбиіне көшу - Қазақстан дамуының жаңа кезеңдері»

Ақмола облысы Бұланды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Тілдерді оқыту орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Латын әліпбиіне көшу - Қазақстан дамуының жаңа кезеңдері" тақырыбында конференция өткізді.


Іс-шара қонақтары: "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы"ММ "Рудный қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы" КММ ,"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы"КММ. Конференцияда "Ақмола облыстық оқу - әдістемелік орталығы"МКМ-нің басшысы Қ.Б.Төлекеев,Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы"ММ-нің басшысы - К.А.Бимаганбетов "Жетілдірілген әлібидің оңтайлы тұстары" тақырыбында, Рудный қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы" КММ-нің әдіскері - А.Т.Идрисова "Латын әліпбиі - қазақ тілін жаңғырту кепілі" тақырыбында, Ақмола облысы, Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Тілдерді оқыту орталығы" КММ-нің директоры Г.А.Есмурзина, Ақмола облысы, Астрахан ауданы әкімдігінің "Тілдерді оқыту орталығы" КММ-нің директоры С.Ж. Үрістемов "Латын әліпбиіне көшу-заман талабы" тақырыбында, "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы" КММ-нің оқытушысы Б.Атымтаева "Латын әліпбиі - өркениет жолы" тақырыбында, Ақмола облысы Бұланды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Тілдерді оқыту орталығы" КММ-нің директоры А.Ж. Сабирова "Латын әліпбиі - мәңгілік елдің рухани жаңғыруы" тақырыбында, Ақмола облысы Бұланды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Тілдерді оқыту орталығы" КММ-нің оқытушысы "Қазақ жазуының тарихы" тақырыбында баяндама оқыды. Бұланды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің басшысы О.С.Құрымбаева конференцияны қортындылады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане