Полиция бөлімі басшысының халықпен есептік кездесуі өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_37_37-2020_5.JPG9-шы қыркүйек күні аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Ойрат Батырханов онлайн-форматта халықпен есептік кездесу өткізді.


Кездесу барысында 2020 жылдың 8 айындағы аудандық полиция бөлімі жұмысының қорытындысы туралы баяндама оқыды.
- Ағымдағы жылы Бейімбет Майлин ауданының полиция бөлімінің негізгі күш-жігері қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттердің алдын алуға, жолын кесуге және ашуға, сондай-ақ, "коронавирус"пандемиясымен күрес жөніндегі шараларды жүзеге асыруға бағытталды. 2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ауданымыздағы қылмыстық жағдай тұрақты және бақылауда. Жедел-қызметтік қызметтің көптеген позициялары бойынша бізде оң көрсеткіштер бар,- деді полиция бөлімі басшысы өз баяндамасында.
2020 жылдың 8 айындағы көрсеткішіне сүйенсек өткен жылы 269 қылмыс тіркелген болса, қылмыс деңгейі 32,3 пайызға төмендеген, яғни, ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 181 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Сонымен қатар, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлау, бопсалау, ұрлық пен тонау, бұзақылық пен ұрлық саны азайғанын байқауға болады.
Қазір барлық сала ашықтық пен жариялылық қағидатын ұстануда. Мемлекет басшысының жолдауын да айтылған «Жұртқа жақын полиция» қағидаты жергілікті полиция қызметінің жұмысына жаңа серпін берері анық. Қоғаммен ашық тіл табысу, азаматтардың сеніміне ие болу, атқарылған жұмыстарды ашық көрсету және көпшілікпен бірлесе қылмыстың алдын алу жұмыстары әрбір учаскелік полиция инспекторының басты мақсатына айналғанда ғана сала жұмысы нәтижелі болады. Сондықтан. Мемлекет басшысының «Құқық қорғау органдары қызметкерлерін жұртпен ашық әңгіме жүргізуге үйретудің маңызы зор. Бұл бағыт кадрларды даярлау және іріктеу жүйесінде басымдыққа айналуы қажет» деп айтуы өте орынды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане