Жастары белсенді елдің - ертеңі жарқын

... сондықтан, жастар қазіргі қоғамдағы барлық салаға атсалысып, тәуелсіздіктің тұғырлы болуы жолында аянбай еңбек етулері қажет.

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_7_7-2020_7.jpg
Елорда төрінде Президентіміз Қ.Тоқаевтың қатысуымен Еріктілер жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл салтанатты рәсімге аудан атынан белсенді жас, ауданымыздың Еріктілер тобының мүшесі және бастаушысы Диас Парижжан болып қайтты. Диас Парижжан өзін тек қана қоғам белсендісі ретінде емес, барлық жандарға көмегін аямайтын еріктілігіне қарамастан, ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары екенінде көрсете білді. Ауданымызда Диасты танимайтын жастар аз. Болашаққа қойған мақсаты анық ерікті-өзінің Президентімізбен ұйымдастырылған форумнан алған әсерімен бөлісті.
- Жастармен кездесу барысында Президентіміз «Еліміздің жемісі, ол – жаңа қазақстандық жастар буынын тәрбиелеп шығардық», – деді. Бұл сөздің өзі ел жастарына ерік-жігер, тың серпіліс берері сөзсіз. Расы керек, форумнан соң мақтаныш пен жауапкершілік сезімі қатар келді. Елбасының сенімін ақтау парызымыз деп білемін. Әрбір жас мойнымызда үлкен жүк бар екенін тереңінен сезіне түстік. Біздер, жастар еліміздің өркендеуі жолында бірлікпен еңбек ететін боламыз,- дейді Диас.
Қазіргі таңда Диас Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік - гуманитарлық колледжінде білім алып жатыр. Оқуын бітіргеннен соң, ауданымызға оралып, еріктілермен бірге алдағы уақытқа жоспар қойып, ауданымыздың дамуына өз үлесін қосқысы келетінін айтты.
- Ойымды Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың мына бір сөзімен түйіндегім келеді: «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа»,- деді Диас Парижжан.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане