Сұрақтар жауапсыз қалмады

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_7_7-2020_6.jpg14-15 ақпан аралығында "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдауында аудандық полиция бөлімі "Жолда қабылдау"республикалық акциясын өткізді.


Аталған акция ішкі істер министрі полиция генерал-майоры Е. З. Тургумбаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес өткізіледі және республика көлемінде жүзеге асырылады. Акция аудан азаматтарына тіркеу, емтихан бөлімшелерінің қызметі, жол-техникалық бақылау және әкімшілік тәжірибе мәселелері бойынша кеңес беру және құқықтық көмек көрсету мақсатында өткізілді.
Іс-шараны өткізу шеңберінде азаматтарға жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында, автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін, паспорттар мен жеке куәліктерді беру, жол қозғалысын ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу, заңнаманы түсіндіру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде заңнама нормалары түсіндірілді.
Екі күн ішінде аудан тұрғындарының мамандардан тікелей кеңес алуға мүмкіндіктері болды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане