- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 20.02.2020 06:19
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 843
14-ші ақпан күні аудандық әкімдікте облыстық тілдер басқармасынң ұйымдастыруымен қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру бойынша республикалық ашық талқылау өтті.
Тілдерді дамыту басқармасы 2020 жылғы 14 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша және қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес республикалық ашық талқылау шеңберінде облыс аймақтарымен бейне конференцбайланыс режимінде латын графикасындағы әліпби жобалары талқыланды. «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының білікті мамандары латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің акут, умлаут және кирил-умлаут нұсқаларын таныстырып, оларда кездесетін өзгешеліктермен таныстырып өтті. Республикалық ашық талқылау соңында аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауданның мемлекеттік қызметкерлері және тіл мамандары мен зиялы қауым өкілдері қатысып, өзара пікірлерін ортаға салды.