Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына он жыл өте біздің қарым-қатынасымыз кең және серпінді серіктестікке айналды. Бұл серіктестік саяси диалогты, қауіпсіздік пен экономикалық даму саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ көпжақты дипломатияны, өзара байланыстылық пен инновацияларды қамтиды. Геосаяси шиеленіс пен жаһандық белгісіздікпен ерекшеленетін дәуірде, Қазақстан ЕО үшін тұрақты, сындарлы және перспективалы серіктес болып қала береді.
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді
Көпжақты деңгейде біз БҰҰ Жарғысының қағидаттарын сақтау, бейбіт шешімдерді ілгерілету, ережелер мен ынтымақтастыққа, сондай-ақ елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге негізделген халықаралық жүйені нығайту мақсатында тығыз ынтымақтастықтамыз. Қазақстанның дипломатиялық іс-әрекеті – қақтығыстардың алдын алудан бастап жаһандық форумдарға қатысуға дейін – ЕО-тың бейбітшілікті ілгерілету, диалог орнату, шиеленісті азайту және халықаралық серіктестікті нығайту жөніндегі басымдықтарына сәйкес келеді. Осы ортақ көзқарастың арқасында біздің қарым-қатынасымыз барынша стратегиялық сипатқа ие болып, ынтымақтастығымыз қазіргі заманғы геосаяси контексте, мысалы санкцияларды айналып өтудің алдын алу мәселелері саласында анағұрлым өзекті болып отыр. Соғысты тоқтатып, Украинада жан-жақты, әділ және тұрақты бейбітшілік орнату – Қазақстан мен ЕО-тың ортақ басымдығы.
Нақты нәтижелерді көріп отырған серіктестігіміздің тағы бір саласы – көлік өзара байланыстылығы. Транскаспий халықаралық көлік дәлізі Орталық Азия мен Еуропа арасындағы сенімді әрі тұрақты көпір ретінде стратегиялық маңызға ие болды. 10 миллиард еуродан астам еуропалық және халықаралық инвестициялардың арқасында Орта дәліз жылдамырақ, тиімдірек және негізінен цифрлық сипатқа ие болып келеді. Бұл бағытты нығайту тек сауда үшін ғана емес, сонымен қатар осалдықты азайтатын және Еуропаның аймақтағы басқа елдермен байланысын әртараптандыратын барынша орнықты еуразиялық көлік инфрақұрылымы архитектурасын құру үшін де өте маңызды.
Экономикалық байланыстар серіктестігіміздің берік және маңызды тірегі болып қала береді. Қазақстанда 4000-нан астам еуропалық компания жұмыс істейді, ал «Horizon Europe» және «Erasmus+» бағдарламалары аясындағы ынтымақтастық, сондай-ақ кеңейіп келе жатқан тұлғааралық байланыстар біздің ұзақ мерзімді жаңғыртуға салып жатқан инвестицияларымыздың айқын көрінісі. Визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздер іскерлік, инновациялық және академиялық байланыстарды дамытуға ықпал ете отырып, осы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтады. Серіктестігіміздің тағы бір маңызды әрі стратегиялық аспектісі – Қазақстан мен Еуропаның «жасыл» және цифрлық көшуінің негізінде жатқан аса маңызды шикізат, энергия ресурстары мен технологияларды жеткізуді қамтамасыз ету.
Жақында орын алған жеткізудегі іркілістер жаһандық жеткізушілердің аз санына шамадан тыс тәуелділіктің тәуекелдерін көрсетті. Қазақстан-ЕО әріптестігінің осы проблемаларды шешу үшін бірегей мүмкіндіктері бар. Ол энергетикалық әртараптандыруды жеделдетуге, жаңартылатын энергия көздеріне инвестицияларды ұлғайтуға, технологиялық дамуды қолдауға және ЕО аса маңызды деп санайтын шикізаттың елеулі үлесін жеткізуге ықпал етуі мүмкін. Шикізат, аккумуляторлық батареялар мен жасыл сутек жөніндегі стратегиялық серіктестігіміз, сондай-ақ 2025-2026 жылдарға арналған бірлескен жол картасы осы әлеуетті жүзеге асыру үшін берік негіз қалайды.
Біздің болашақтағы ортақ міндетіміз өңдеу және қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастығымызды тереңдететін, сондай-ақ геологиялық барлау, аккумуляторлық батареяларды қайта өңдеу және экологиялық таза сутегі сияқты салалардағы инновацияларға ықпал ететін стратегиялық және тиімділігі жоғары жобаларды айқындау болып табылады. Бұл тек материалдар туралы ғана емес, сонымен қатар ЕО-тың бәсекеге қабілеттілігін нығайта отырып, Қазақстанның өнеркәсіп секторын жаңғыртуға ықпал ететін тұрақты, болашаққа бағытталған құн тізбектерін дамыту туралы.
Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге 10 жыл бұрын қойылған және қазір ынтымақтастығымыздың бағыты нақты айқындалған. Біз бейбітшілікті ілгерілететін, жаһандық ынтымақтастықты нығайтатын, орнықты байланыстарды күшейтетін және Қазақстан мен Еуропаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қолдайтын серіктестік құрып жатырмыз».
Келесі онжылдық іске асыру белгісімен өтуі тиіс: қосылған құнды құру тізбектерін нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту, технологиялық ынтымақтастықты тереңдету және нақты бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Қазақстан бұл жолда сенімді серіктес болып табылады. «Бірге біз ортақ қиындықтарды ортақ артықшылықтарға айналдырып, екі тарап үшін де қауіпсіз, тұрақты және бәсекеге қабілетті болашақты қалыптастыра аламыз.
Антониу Кошта,
Еуропалық кеңес президенті
16.01.2026 08:21

Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыландыАстанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының...
16.01.2026 08:20

Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институтов.В Астане состоялось пятое заседание Рабочей группы по Парламентской реформе под...
15.01.2026 12:59

В наш район с официальным рабочим визитом прибыл заместитель председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан Рау Альберт Павлович. В рамках поездки...
15.01.2026 12:48
Тобол кентінде «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жүйелі жұмыстар...
15.01.2026 12:43
Бүгінгі таңда экология мәселесі бүкіл әлем үшін өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр.Осы орайда елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық...
15.01.2026 12:41

Зима часто приносит с собой не только красоту заснеженных просторов, но и трудности, особенно для пожилых людей. Школьники нашли способ...
15.01.2026 12:40

№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінде аутодеструктивті мінез-құлық пен суицидтің алдын алу, оқушылардың психологиялық саулығын нығайту мақсатында мектеп психологы Ырысхан...
15.01.2026 12:32

В рамках поручения акима области по благоустройству, госпрограммы «Ауыл ел бесігі» в селе әйет завершены работы по реконструкции стел на...
15.01.2026 12:31

Программа «С дипломом – в село» доказала свою эффективность. Ислам Айтмагамбетоврассказывает об уникальной возможности не только начать карьеру в госслужбе,...
15.01.2026 09:53

Точка сингулярности В этом году Парламенту Казахстана исполняется 30 лет: в январе 1996 года состоялась первая сессия первого созыва законодательной ветви власти...
15.01.2026 08:31

Бұған дейінгі мақаламызда Президент реформаларының маңызына кеңінен тоқталып, орталықсыздандыруды өңірлерді дамытуға жол ашатын кілт ретінде атаған едік. Шын мәнінде, Президентіміз...
09.01.2026 12:05

В новогоднюю ночь в нашем районе состоялись праздничные мероприятия, подарившие жителям радость, тепло и по-настоящему волшебное настроение. Главным событием вечера...
09.01.2026 12:03

26 декабря Майская общеобразовательная школа стала площадкой для проведения районного новогоднего праздника, адресованного детям, для которых уходящий год оказался особенно...
09.01.2026 12:01

В канун Нового года на центральной площади района состоялось одно из самых ожидаемых и ярких событий зимы - торжественное зажжение...
09.01.2026 12:00

7 января православные христиане во всём мире отметили один из самых светлых и значимых праздников - Рождество Христово. Накануне праздника...
09.01.2026 11:59

Красносельским центром досуга совместно с Красносельской общеобразовательной школой был проведён праздничный утренник «К нам приходит Новый год», который подарил детям...
09.01.2026 11:58

Тобыл кентінің орталық алаңында жаңа жыл мерекесіне арналған шырша шамдарын жағу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Мерекелік кешке кент тұрғындары –...
09.01.2026 11:56
Во исполнение поручения акима Костанайской области, реализации программы "Таза Қазақстан" в районе Беимбета Майлина продолжаются работы по очистке территории от...